altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ҰЛТ ӨНЕРІ ҰЛЫҚТАЛАДЫ
12.04.2021
1257
0

Бүгін Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығы ашылды. Бұл – облыстық Көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының бастамасы.



Жаңа орталық Қостанай облысында қазақтың ұлттық өнерін насихаттап жүрген өнерпаздардың басын біріктіруді, оларға рухани қолдау көрсетуді көздейді. Дәстүрлі әнші, жыршы-термеші, күйші және қолөнершілердің шығармашылығын шыңдап, ізденістерінің ілгерілеуіне жол ашу, жетістіктерін жалпақ жұртқа жария етіп отыру да «Шаңырақтың» міндетіне айналмақ.
«Шаңырақ» орталығы халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі ұлт өнері байқауларына өңіріміздің атынан өнерпаздарды баптап қосуға, жан-жақты демеу көрсетуге, түрлі шығармашылық жиындар өткізуге ниетті. Арнайы құрылған жоспарымыз бар. Сол бойынша жүйелі жұмыс атқарылады. Қалалық, аудандық мәдениет үйлерінде дәстүрлі өнер бағытында еңбек ететін әріптестерімізге есік ашық, олар осы орталыққа келіп, білікті мамандардың шеберлік сабақтарына қатыса алады», - дейді жаңа орталықтың жетекшісі Айгерім Көшкенбаева.

Орталықтың ашылу рәсіміне облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Ибраһим Бекмұхамедов және зиялы қауым өкілдері, өңірге белгілі өнерпаздар қатысты. Орталықтың салтанатты түрде керме жібі қиылып, құрметті меймандар тілек-лебіздерін айтты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жария етілгелі, төрт жыл ішінде қаншама игі жұмыстар атқарылып, көптеген жоба жүзеге асты. Тобыл-Торғай өңірінде оны насихаттау жұмыстары жанданып, жаңа бір деңгейге көтеріліп жатыр. Оның жарқын мысалдары, нақты көріністері бар. Дәстүрлі түрде Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауын, Нұржан Наушабаев атындағы дәстүрлі әншілер байқауын өткіздік. Сол байқауларды жалғастыра отырып, оған қобызшылар байқауын қосамыз ба деген ұлы жоспарымыз бар. Мұндай жобалар ұлттық өнердің өңірдегі сан саласын насихаттауға, өскелең ұрпақты баулуға көп септігін тигізері сөзсіз. Осы жұмыстарды үйлестіру үшін ұлттық өнер орталығын ашу ұсынысы жасалды, біз оны қос қолдап қолдадық. Бұл жобаның ғұмыры ұзақ болуы керек, оған бәріміз ат салысуымыз қажет. «Шаңырақтың» іші шаттыққа толып, ұлт өнері өрге жүзсін!» - деді Ерлан Қалмақов құттықтау сөзінде.

Өңір өнерпаздарының басын қосатын «Шаңырақтың» нақ Тобыл қаласындағы мәдениет үйіне орналасуының себебін облыстық Көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының директоры Дәмер Қалқаев түсіндірді.

«Тобыл қаласы, біріншіден, облыс орталығының іргесінде. Екіншіден, бұл жерде ұлттық өнер жақсы дамып келеді, көптеген жетістігіне куәміз. Өз ансамбльдері, білікті өнерпаздары жетерлік. Сондықтан, осындай бір орта құру туралы ойға келгенде «Алтын дән» мәдениет үйіне таңдауымыз түсті. Осы идеямызды қолдаған облыстық Мәдениет басқармасына, аудан басшылығына және мәдениет үйі ұжымына алғыс білдіреміз», -деді Д.Қалқаев.

Орталықтың әзірге бір ғана бөлмесі бар. Болашақта іргесін кеңейтіп, облыстың басқа өңірлерінде бөлімшелерін ашу, осылайша «Шаңырақты» биіктете түсу жоспарда бар.   

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру