Тіршілік иесінің бәрі, әсіресе біздің солтүстік өңір шуақты көктемді тағаттана күтетініміз сөзсіз. Көктемгі күн шуағымен нұрлана табиғат ана оянып, жер жүзі құлпыра бастайды. Жылғалардан су ағып, ағаштар бүршік атып, қара жер көгалданып, құстар сайрап, жан-жануарлар бой жазып, мал өріске шығады. Көктемгі таза ауа жанға ерекше рақат сезім береді. Міне, осының бәрі ғажайып бір көрініс емес пе?!
Назарларыңызға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың сөзіне жазылған Бақыт Құрманбековтың әсем әнін ұсынамыз.