Бүгін Тобыл-Торғай өңіріне танымал сазгер, әнші, музыкант Жарқынбек Деріпсалдин 37 мүшелге толып отыр.
Мерейтой иесін мүшел жасымен құттықтай отырып, ұзақ та баянды, ғұмыр, зор денсаулық, мол бақыт, өнеріне өріс, еңбегіне жеміс, отбасына амандық тілейміз!
Өңір мәдениетіне қосып жүрген еселі үлесі өзіне мәуелі абырой болып қайырылсын, елдің елеулі, халықтың қалаулы тұлғасына айналсын, Тәңір тілеуін берсін дегіміз келеді!
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы