Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дəстүрлі əн» кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, фольклоршы-ғалым, «Парасат» орденінің иегері белгілі жырау Алмас Алматовты «NAURYZ-2021» тұңғыш ұлттық премиясын алуымен І Республикалық «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» байқауына қатысушы Тобыл-Торғай өңірінің өнерпаздары құттықтайды.
Әрдайым халқымыздың маржан жырларын насихаттаудағы игі істеріңіз жемісті болып, шығармашылығыңызбен халқыңызды қуанта бергейсіз!