«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» айдары Дина Нұрпейісова «Сегізінші март» - орындаған Дина Нұрпейісова
Д.Нұрпейісованың күйі «Сегізінші март»
Асқан домбырашы, сазгер ананың бұл күйі шынайы шаттыққа толы қуанышты сезімнен туған шығарма. Өйткені, бір кездері жалпақ жатқан Нарын-Құмын жайдақ түйемен аралаған қарт ана, өмір бойы күңдікте болған қазақ әйелдерінің бұрынғы тағдыры ХХ-ғасырда келмеске кеткеніне қуанып, сүйсіне қарады.
Өз басынан өткен өмір тарихын көз алдына елестетіп, шабыттанып, шаттанды. Сөйтіп, қолына «кәрі жолдасы» домбырасын алып, Халықаралық әйелдер күніне арнап «Сегізінші март» деген күйін шығарды.