Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі, әні Рүстем Қоразбаевтікі
Халқымыздың сүйікті әнші-композиторы, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері Алтынбек Қоразбаев ағамыздың әндерін бәріміз сүйіп тыңдаймыз.
Ағамызды шәкірт өсірген ұстаз ретінде де, өнер жолы туралы да мағлұматтар көп болғанымен, отбасы туралы аз білетін сияқтымыз.
Өнер иесінің елу жылдан артық отасқан өмірлік жары Гүлжаһан Әкімбайқызы Аңдақұлова – ошағын жайнатып, үйін көркейтіп отырған асыл жан. Мамандығы дәрігер. Асқар тау әке, аяулы ана бүгінгі күні ұл-қыздарын ұяларына қондырып, немере сүйіп отырған ата-әже.
Сазгердің үлкен ұлы Рүстем, консерваторияны аяқтап, әке жолын қумағанымен, анасына арнап Тұманбай Молдағалиевтің «Жан ана» өлеңіне ән жазған екен. Мереке қарсаңында осы тамаша әнді назарларыңызға ұсынамыз.