2017 жылғы 20-21 қазан күндері Амангелді ауданында көрнекті композитор Бақытжан Байқадамовтың 100 жылдығына байланысты іс шаралар болып өтті
Бақытжан Байқадамовтың 100 жылдығына арналған «Айгөлек» жас әншілер байқауы, «Байқадамов мұрасы» атты композитор өмірінен сыр шертетін фото-суреттер көрмесі, «Бақытжан Байқадамов әлемі: композитор тағдырының тағылымы» атты ғылыми-практикалық конференция, Бақытжан Байқадамов шығармашылығынан тұратын Қостанайдағы Е. Өмірзақов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі мен әншілері және аудан өнерпаздарының концерті өткізілді. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Балнұр Қыдырбек Балғабекқызы, Бақытжан Байқадамовтың туған қызы Байқадамова Балдырған Бақытжанқызы, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, өнер зерттеушісі Мақанов Қайыржан Байпақұлы, Ақын, жазушылар одағының мүшесі Тұрғымбеков Серік Тұрғымбекұлы және т.б. өнер және мәдениет қайраткерлері қатынасты.