Бір басында сан қасиеттер тоғысқан, тектілікті, ірілік пен іскерлікті асқақтатар, асыл сөз жауһарының қазынасы, парасаты биік, кешегі жыр сүлейлерінің жалғасы асыл ағамыз Алмасбек Нұрмаханұлы 65 жаста!
Құрметті Алмасбек Нұрмаханұлы!
Қазақ жыраулық өнерінің кең қанат жайып дамуына, насихатталуына қосқан өлшеусіз еңбегіңіз ерен. Шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегіңіз жыр керуенінің көшінде даралықтан даналыққа жетіп, ата мұрамыздың алтын қазынасын бекзат болмысыңызға сыйдыра білген ұлағатты ұстазсыз.
Алаш сүйген абыз ағамызды бүгінгі 65 жас туған күнімен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір, шығармашылық табыс тілейміз!
Отбасыңызға бақ-береке, толағай табыс, теңіздей ырыздық тілейміз! Ұрпақтарыңызбен мың жасаңыз!
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы