Құрметті әріптесіміз, орталығымыздың Ұлттық шығармашылық және жанр бойынша әдіскері Жаңагүл Рақымжанқызы Жармағамбетованы бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қуаныш иесіне жаңа жас игі-жақсылықтар ала келсін, айдан аман, жылдан есен болып, жадырап-жайнай беріңіз деген лебіз айтқымыз келеді.
Ғұмыр жасыңыз ұзақ, өміріңіз құтты, денсаулығыңыз мықты, отбасында бақытты, қызметте табысты болыңыз!
Шығармашылық еңбегіңіздің жемісін көріп, жетістіктеріңіз еселене бергей!
Әрдайым көктемдей құлпырып, жаныңызға нұр тұнып, әр күніңіз мерекелі де берекелі болсын деп тілейміз!
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы