Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Мәдени мұра» жөнінде Қазақстан Сәулетшілер Академиясының академигі, Арқалық қаласының құрметті азаматы, сазгер Өмірбек Жұмағали Сүлейменұлы көзі тірі болғанда 79 жасқа толар еді.
Жұмағали Сүлейменұлы «Сал домбыра», «Ауырма, жүрек, ауырма», «Арқалығым, армысың», «Неткен сүйікті ең?!», «Толқындар» тағы басқа көптеген танымал әндермен күйлердің авторы.
Өрелі өнерімен, кісілігімен, кішілігімен, туған топырақтың киесіндей, елдің иесіндей бола білген нар тұлғамыз Жұмағали Сүлейменұлын еске ала отырып, Ғафу Қайырбековтың өлеңіне жазылған «Неткен сүйікті ең?!» әнін автордың орындауында ұсынамыз!