Бүгін – "Qostanai" облыстық телерадио корпорациясының құрылғанына 30 жыл.
Жаңалықтар жаршысы, ақпараттар ағынының тізгіншісі, өңір жұртшылығының рухани сырлас-демеушісініе айналған телеарнаны осынау айтулы мерейтойымен құттықтаймыз!
Бұл арна – тұтас республикаға танымал тарлан тілшілер, тіпті жаһан жүзінен жаңалық жиған жұлдызды журналистер шыңдалып шыққан шеберхана. Сондықтан корпорация бағындырар белестер, алар асулар әлі алда екені сөзссіз.
Ал біз, өз кезегімізде, ұжым қызметі алға басып, жетіліп-дамып, көрермендері көбейсін, өрістері кеңейсін,қоғам сұранысына сай келетін жедел де жағымды жаңалықтары таусылмасын дегіміз келеді!
Биіктерге самғасын, қажыры талмасын, ғасырлар арасын жалғасын деп тілейміз!