ФИЛИАЛДА – ЖЕТЕКШІ. Бүгін белгілі өнерпаз, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қостанай Меценаттар клубы сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі Батырбек Байназаров "Күйшілер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының жетекшісі болып тағайындалды.

Жетекші куәлігін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеөқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев табыс етті.
Ұлт өнерін өрістетіп, насихаттау жолында филиал жемісті жұмыс атқарар деген сенім білдіріп, жаңа жетекшіге сәттілік тіледі.