Күй өнері мен күйшілерді насихаттап, дәстүрлі күйшілік өнерді сақтап қалу мақсатында құрылған «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 2 жыл толуымен құттықтаймыз!
Қазіргі таңда Республиканың облыс орталықтарында «Күйшілер одағының» филиалдары ашылып, ұлттық өнерді дамыту, насихаттау барысында бірқатар іс-шаралар қолға алынуда. Қостанай облысының күйшілері де Күйшілер одағымен тығыз байланыста болып, ұлттық өнерді дамытуға байланысты өткізілген іс-шараларға атсалысуда.
Қазақтың құдіретті күй өнерін дамыту жолындағы атқарылар істеріміз жемісті болсын!