altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕУЛІ, ӨНЕРЛЕРІ ТАБЫСТЫ
23.12.2020
1545
0
Бүгін облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов 2020 жылы белсенді қызмет атқарған өнерпаздарды марапаттады. Рәсім Қостанай қаласындағы Жастар сарайында өтті.

 
Карантин кезеңінде халықтың көңіл-күйін көтеру үшін онлайн режимінде елгезектікпен еңбек еткен ұжымдар мен түрлі байқауларға белсенді қатысып, жетістіктерге жеткен өнерпаздардың есімдері еленді.
 
"Мұндай рәсім жыл ішінде жетістіктерімен, табыстарымен ерекшеленген талантты жастарымызды қолдау мақсатында жылда өткізіледі. Дегенмен, өткен жылы аты ардақталған жастарымыздың қатары көбірек болған еді. Биыл пандемияға байланысты көптеген жоспарлы іс-шаралар өткізілмеді, кейінге шегерілді. Айталық, Қостанайдың өзінде өтетін дәстүрлі "Алтын микрофон", "Түркі әлемі" сынды дәстүрлі байқаулар болған жоқ. Осындай күрделі кезеңге қарамастан онлайн іс-шараларда белсенділік көрсетіп, өңірдің мәдениет саласын дамытуға, танытуға үлес қосқан әрқайсыңыз марапатқа лайықсыздар", - деді басқарма басшысы Ерлан Болатұлы.
 
Өнерпаздар 30 000 теңге, ал ұжымдар 50 000 теңге ақшалай сыйлықпен және барлығы Алғыс хатпен марапатталды. Олардың қатарында жас әншілер, домбырашылар, театр әртістері, би ұжымының жетекшілері, кітапхана қызметкерлері және өнер өлкесіне енді қанат қағып жүрген жаңа есімдер бар. Сонымен қатар,  "Х Фактор Қазақстан" телевизиялық жобасының шешуші айналымдарында өнер көрсетіп жүрген жерлестеріміз, ағайынды Айдар және Бекболат Жазықбаевтардың "BRO" дуэті де ерекше аталып өтті.
 
"Талпынысым – халқым үшін!" деп, белсенділігімен көзге түсіп, есімдері еленген марапат иелерін назарларыңызға ұсынамыз:
 
1. Серік Нағашыбайұлы Алпысов – Алтынсарин аудандық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы, "Абай әндері" республикалық онлайн байқауының жеңімпазы, "Рухани қазына" байқауының облыстық кезеңінің "Мәдениет жанашыры" аталымының иегері, "Алтын Орда – өткеніміз бір, болашағымыз бір" облыстық байқауының жүлдегері.
 
2.Арман Жұматұлы Кәкімов – Әулиекөл аудандық Мәдениет үйінің маманы, Батырбек Жүнісов атындағы "Жетікөл" халықтық қазақ ұлт аспаптары оркестрінің бас домбырашысы, облыстық "Күмбірле, қоңыр домбыра" онлайн байқауының жеңімпазы.
 
3. Марғұлан Мұратұлы Қасымбек – Жангелдин ауданы Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Халық" театрының әртісі, "Торғай-Жайдарман" филиалының бас редакторы.
 
4.Абай Нағашыбайұлы Сейдахметов – Сарыкөл аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Сарыкөл сазы" этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі, домбырашы, облыстық "Ұлы Дала үні" байқауының бас жүлдегері.
 
5.Ұзынкөл аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған "Бимаржан" би ұжымы – Анастасия Леонидовна Овчинникова жетекшілік етеді. Халықаралық "Маnana" би байқауының 1-дәрежелі лауреаттары, аймақтық "Би өнектері" би байқауының жеңімпаздары.
 
6. Нұриден Арғынғазыұлы Қабыкенов – Қостанай аудандық "Алтын дән" Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі, "Шабыт" вокалдық тобының және "Тобыл сазы" қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жеке орындаушысы, республикалық "Шәмшінің әні шырқалады" онлайн ән байқауының 1-орын иегері.
 
7. Зарина Серікқызы Құлмұхамбетова – Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының солист-вокалисі.
 
8.Айтжан Құрымғалиұлы Италмасов – Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітапханашысы.Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
 
9.Ғалия Бауыржанқызы Қабақова – Қостанай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің аға әдіскері. Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
 
10.Татьяна Павловна Захарченко – облыстық Орыс драма театрының әртісі.Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы. Биыл күзде "Федра" спектаклінде басты рөлді ойнады.
 
11. Ерлік Елдосұлы Сапабеков – І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі. Онлайн іс-шаралардың белсенді қатысушысы.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру