Құрметті әріптесіміз, қадірменді ағамыз, көп жыл көлік жүргізушісі болып қызмет ететін ардақты азамат Марат Смағұловты 62 жасқа келіп, мүшелден шыққан меншікті мерекесімен құттықтаймыз!
Марат Қазбекұлы – әріптестері арасында ерекше сыйлы жан, шаруашылыққа мығым, өз ісінің маманы. Қашанда көлігі сайлы тұратын, көңілі жайлы жүретін ағамыз өңірдің әр түкпіріндегі мәдени ошақтарды да етене таниды. Кейінгі буынға лайықты аға, замандастарына үзеңгі жолдас бола білген қадірлі азаматқа амандық тілейміз. Ғұмыры ұзақ, дені сау, бақытты, жемісті, мерейлі болсын дегіміз келеді! Пайғамбар жасына аяқ басқан қуаныш иесін әрдайым Тәңір қолдай жүрсін!
Әріптестеріңіздің шынайы құттықтау лебізін қабыл алыңыз, Марат Қазбекұлы!