Бүгін өңірге белгілі өнерпаз, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық және республикалық одақтарының мүшесі, Меңдіқара аудандық "Юбилейный" мәдениет үйінің директоры Мұрат Нағашыбайдың туған күні.
Қуаныш иесін ұжым атынан шын жүректен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, мол бақыт, толағай табыс, шығармашылық жеміс тілейміз! Ойға алған мақсатына қол жеткізіп, абыройдың төрінен, халықтың көңілінен орын ала бер демекпіз! Шаңырағы құтқа, айналасы досқа, өмірі шаттыққа толсын деген ақ тілегімізді арнаймыз!