altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ТУҒАН ЕЛІН ТАЛМАЙ ЖЫРЛАҒАН
03.12.2020
2118
0
Әндері жергілікті жұртқа танымал торғайлық әуесқой сазгер Болат Молдашев пайғамбар жасына толды. Ол Көкалатта фамилиясымен бірге аталатын өнерпаздардың қатарынан. 
Болат Жангелдин ауданының Көкалат ауылында туған. Ата-бабасынан өнер қонған жан.


Әкесі Молдаш атақты Нұрхан Ахметбековті айтысқа шақырған дейтін сөз бар ел ішінде. Жастық желігі басылмаған шайқы жігіттің меселін қайтарғысы келмеген әрі әкесі Жұбантай мен дін ұстаған молда, елге сыйлы діндар ағасы Нұрманғалиды құрметтеген (белгілі айтыскер Отар Нұрманғалиевтің әкесі) ақтаңгер Нұрекең бірақ шумақпен «сәлем жолдап», айтысты мезгілінен бұрын доғарыпты. «Сәлем де Жұбантайдың Молдашына» деп басталатын төрт жолды Торғай көлемі тегіс біледі. 
Молдаш ақсақалдан тараған ұрпақ бүгінде аймақта кеңінен танымал. Баласы белгілі термеші, актер Бөлтірік Молдашов, немересі Бағнұр Молдашовтар мәдениетке өлшеусіз қызмет етіп келеді. 
 
Болат ақындықтан да қаражаяу емес, жүрген жеріне өлең үлестіріп жүретін көңілі жомарт жан. Өнерге шынайы берілген, өмірі дүние жинамаған, қолында барын халқынан аямаған адам. Әйтпесе, ол кісі тапқан малдың кемі жоқ шығар. Сол уақытта Көкалаттың тең жарты тойын өткізді десе таңғалмаймын. Қуанышын әрлеген жаннан тойы иесі аянып қалмайтын кеңшілік уақыттар ғой. Елдің еркелеткені сазгердің шабыты мен уақытын ұрлағаны анық. Бірақ, Болат Молдашұлы шығармашылықтан қол үзбеді. Туған жерін, Торғайын талмай жырға қосты, әндерін арнады. Ол туындылар өңірге кеңінен тарап жатты. «Қабырға толқындары», «Шежірелі Торғай киелім» сынды әндері жүрегіңді шымырлатпай қоймайды. Сондай-ақ, ол мәтінін жазған «Киелі топырақ» туындысы (әні Бақытжан Сәуекендікі) бүгінде кеңінен танымал. 
 
«Асқақтап атың әлі, 
Баршаны шақырады. 
Өнердің қайнар көзі –
Торғайдың атырабы.
Өсірген қос бәйтерек, 
 
Киелі топырағы», - деп келетін әнді естігенде рухтанбайтын жан жоқ шығар-ақ. 
Өнерпаз бүгінде Арқалық қаласында тұрады. Арайлы Арқалығын, туған жер тұлғаларын ән-жырға қосып жүр. Өмірін өнерге арнаған, атақ қумаған сазгер 27 қарашада 63 жасқа толды. 2019 жылы тамызда Көкалатта ауыл күні ұйымдастырылды. Әр жылғы түлектер бас қосып, ауылда «Жастерек» саябағы ашылды. Осынау іс-шара аясында Болат Молдашевтің де шығармашылық кеші өтті. Бұл, бәлкім, автордың Тәуелсіздік жылдарында өткен алғашқы кездесуі болар. Кеудесінде салпыншағы жоқ демесеңіз, Болаттың әндері ешкімнен кем емес. Қазіргі эстрада жүрген ала-құла туындылардан артық түсер жері көп.
 
Туған елге, туған жерге деген сүйіспеншіліктен туған бұл әуендер әлі талай ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелей бермек. Бұған дейін автордың бірнеше әні антологияларға кірді, өзінің күшімен «Көңіл толқындары» атты кітабы шықты.
Болат Молдашұлының жұлдызы жарқырайтын күн алыс емес. Қазір оның әндеріне танымал әншілер «құда түсіп», аттай қалап алып жатыр. Кәсіпкер інісі Қайрат Бекболат ағасын насихаттауда көп еңбек сіңіріп жүр.
 
Сазгер зейнетке кенелер, қазақ «тал түс» дейтін шақта. Пайғамбар жасында. Аты жаман пандемия жойылып, Арқалықта сазгердің шығармашылық кеші өтіп, мерейі тасыса деген тілек айтып жүр жерлестері. Біз де өнерпазды зейнет жасымен құттықтап, еңбегінің елене беруін тілейміз! 

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру