altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ҚАБІЛЕТТІ ӘДІЛЕТТІҢ ҚАДАМЫ
24.11.2020
2357
0
Жандос Жүсіпбек
 
Қазақтың кино қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. "Ұлы дала зары" аталатын фильм ашаршылық нәубетін, кеңес дәуірінің қанқұмарлары қолдан жасаған, қазақтың 70 пайызын жойып жіберген зұлматты бейнелейді.


Жалпы, осы тақырыпта түсірілген киномыз соншалық көп емес. Бұл фильм сол аздың біріне айналып отыр. Оның үстіне, зілдей қасіретті, жан түршіктірер жауыздықты тап осы туындыдай айна-қатесіз, әсерлі әрі нанымды берген картинаны көрмеппіз десек, қателесе қоймас едік. Ауыз толтыра айтар тағы бір жаңалық – осы кинода басты рөлдердің бірін қостанайлық оқушы Әділет Жанғали сомдады.
 
Жалпы, тарихымыздың осынау тақсіретті тарауын әлем жүзіне таныту қажеттігі туралы пікірлер ұдайы айтылады. Бірақ сөздің іске айналып жатқанын көзіміз шала қоймапты. Жаһан назарына сапалы киноөнім ұсыну осы мұратқа жақындататын бір жол сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда,"Ұлы дала зары" фильмі діттеген нысанасынан қиыс кетпеді деп есептейміз. Өйткені осы туынды әлемге әйгілі "Алтын глобус" сыйлығының "Ең үздік шетелдік фильм" аталымы бойынша үміткерлер қатарынан көрініп, 7-8-9 қарашада Лос-Анджелес қаласында өткен фестивальдің шымылдығын ашып беріпті. Бұның өзін мұхиттың арғы бетіндегі талғампаз киногерлердің тың туындыға деген бағасы мен құрметі деп қабылдауға болады.
 
Осы фильмде басты кейіпкерлердің бірі саналған Ілиястың рөлін жерлесіміз Әділет Сәбитұлы Жанғали сәтті сомдап шықты. Біз де бұл жаңалықты естісімен балғын әртістің қолын алып құттықтаудың ретін таптық, әңгімеге тартып көрдік. Балдырған да білгіміз келген, өресіне сай қойылған сұрақтардың барлығына мүдірмей, тиянақты жауап беруге тырысты.
 


Болашағынан зор үміт күттіретін Әділет бүгінде Қостанайда Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің 6 "б" сыныбында оқиды. Өзін әріден таныстырған ол тамырының Торғай жерінен екенін айтты. "Мен Көкалат ауылында беделді болған кісі Ғарифолланың шөбересімін" деп бастады ол әңгімесін. Ал, енді, бұл киноға түсуге әпкесінің түрткі болуымен жолдама алыпты.
 
"Осы фильмге кастинг болып жатқанын Айдана тәтем интернеттен көріпті. Сосын пробаға түсіп (сынақ тапсырмасы. - авт.), олардың электронды почталарына жібердік. Бірақ біз бұл кастингтен өтетінімізге сенімді болдық деп айта алмаймын. Содан кейін өздері хабарласып, өткенімізді айтып, тағы да тапсырмалар берді. Осылай екінші кезеңнен де өтіп, жолым болып кетті", - дейді Әділет.
 
Ол тәптіштеп бергендей, фильмнің режиссері Марина Кунарова, бас продюсері Ернар Маликов есімді дарынды тұлғалар екен. Кино түсіріліміне, арасындағы үзілістерді қоса есептегенде, 5 жылға жуық уақыт кетіпті.
 
"Түсірілім Алматы облысының таулы аймақтарында жүргізілді. Мен Алматыға екі рет ұшақпен барып келдім. Қасымда әжем болды, - дейді Әділет. - Киноның басым бөлігі қыста түсірілгесін қиыншылықтар көп болды. Күн суық, үстімде – ескі тон, аяғымда – пима, сол пимамен ағып жатқан салқын судан өтуім керек болды. Сол күні қатты тоңғаным әлі есімде. Бірақ сондай қалшылдап тоңған кездерде желілік продюсер Есения тәте мені жылы көрпеге орап, ыстық шайын беріп, бойымды жылытып, сондай мейірімділік көрсететін. Сол кісінің арқасында ауру-сырқаудан аман болдық деп ойлаймын".
 
Әділет "Ұлы дала зары" фильмінде Ілияс атты жеткіншектің рөлін ойнайды. Әкесі Тұрар мен анасы Нұрияның үш баласының тұңғышы. Сценарий бойынша, ақыр соңында зұлмат пен залымдық тырнағынан аман құтылып, бір әулеттен осы Ілияс қана тірі қалады. Айта кетейік, Әділеттің өзімен жолыққанға дейін осы фильмді арнайы сайттан көріп шыққан болатынбыз. Шыны керек, киноның басынан аяғына дейін демімізді ішке тартып, кей тұсында тұла-бой түршігіп, кей сәтінде еріксіз көңіл босап, айрықша әсер алдық. Әділеттің қабілетіне де ерекше тәнті болдық. Әйткенмен, өзінің ойыны туралы өзінен сұрағанымызда, мақтануға сараңдық байқатты.
 
"Рөлді қалай ойнап шыққаныма өзім баға беруден аулақпын. Әкемнің тәрбиесі сондай, - деді ол. - Бірақ Ернар аға мен Марина тәтеден (режиссер мен продюсерді айтып отыр - авт.) мақтау естігенімді жасырмаймын... Тағы бір ерекше жағдайды айта кетейінші, бір эпизодта маған қасқыр шабуыл жасап, үстіме секіріп мінетін сәт бар. Сол жерде шынымен қорыққанымнан айқайладым. Сонда алаңдағы барлық актердің "осы көріністі шынайы орындадың" деп әзілдеп күліп алғаны бар. Ал маған бұл мүлдем күлкілі болған жоқ".
 
Фильмнің сәтті шығуына ірі басты әртістер құрамының да әсері болғаны сөзсіз. Айталық, бұл туындыда Дулыға Ақмолда, Саяжан Құлымбетова, Ақылқан Алмасов, Сафуан Шаймерден секілді осы өнердің жілігін шағып, майын ішкен майталмандар ойнаған. Әділет бала болса да осындай сақа актерлермен бір алаңда жүріп, сабақ алып, тәжірибе жинағанын, өзін мұндай мүмкіндіктің туғаны үшін де бақытты сезінгенін айтты. Оған өз рөлін сәтті алып шығуына осындай атмосфераның да ықпалы тиген болар.
 
Айтпақшы, "Ұлы дала зары" Әділет түскен алғашқы кино емес екен. Осыған дейін ол "Бастық боламын" атты отандық телесериалдың наурыз мейрамы қарсаңында түсірілген "Наурызда бастық боламын" атты сериясында ойнаған. Ол кезде де интернет арқылы кастингке қатысып, таланы түсіп, топ жарған екен. Сол жолы да тәтесінің көмегі тиіпті.
 
"Мен үшін осындай кастингтерді іздеп жүретін Айдана тәтеме жанашырлығы үшін рахметімді айтамын. Айдана тәтем Қостанай қаласындағы №17 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі", - деп жанашырын жақынырақ таныстыра өтті Әділет.
 
Жас әртіске киноға түсуге әлі күнге шақыртулар келіп тұрады. Бірақ түсірілімдердің барлығы Алматы қаласында өтетіндіктен, облыстың шалғайлығына байланысты, үнемі бас тартуына тура келеді. Оның үстіне, зерек оқушы сабағына көбірек көңіл бөлгенді жөн санайды. Бір қызығы, ішіміз сезіп-біліп тұрса да болашақ мамандығы туралы сұрап көрген едік, Әділеттің қалауы туралы асығыстау шешім шығарып қойғандаймыз.
 
"Негізі, актерліктен гөрі Геннадий Головкин, Жәнібек Әлімханұлы, Данияр Елеусінов, Садриддин Ахметов ағаларым сияқты кәсіпқой босктан әлем чемпионы болғым келеді. Осы ағаларым сияқты елімнің көк байрағын желбірету – басты арманым", - дейді Әділет батыр.
 
Әділетке қай саланы таңдаса да Қазақстанды әлемге әйгілейтін әуселесі биік азамат болсын деген тілек айтамыз!

 
            Р.S. Егер "Ұлы дала зары" фильмін көргілеріңіз келсе, интернет арқылы cinexus.kz сайтына жүгінсеңіздер болады. Сеанс құны – 700 теңге. Туынды авторларының айтуынша, көрермендерден жиылған қаржы осы киноны дүние жүзіне насихаттауға жұмсалмақ.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру