Құрметті Жаңылдық Алтайқызы!
Сізді жаңа жасыңызбен облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы ұжымы шын жүректен құттықтайды!
Мәдениет саласының өңірде қанат жаюына сіңіріп жүрген еңбегіңіз әрдайым табысқа кенелтсін! Өзіңізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз!
Әр күніңіз берекелі де мерекелі, сәнді де мәнді болсын!
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы