«Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы іске қосылды
29.10.2020
1352
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Жоба барысында бағдарлама ұзақтығы 10-15 минуттан тұратын ыңғайлы қысқаша онлайн-форматта 1-11 сыныптарының оқушылары үшін бейне-дәрістері әзірленді. Балалар үйден шықпай-ақ Қазақстанның киелі жерлеріне виртуалды турлар жасай алады. Сонымен қоса опера, балет, драма өнерінің үздік үлгілерін, отандық және шетелдік қызықты кинофильм, мультфильмдерді көріп, таңғажайып музыка туындыларын тыңдай алады. Оқушыларға madeni-m.kz сайтында қазақ және орыс тілдерінде музыкалық өнер, театр өнері, кинематография, бейнелеу өнері және Қасиетті Қазақстан атты 5 бағыт бойынша барлық білім беру бейне-сабақтары қолжетімді.