«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК, «QOSTANAI» облыстық телеарнасы бірлескен дәстүрлі өнерді дәріптейтін «Халық мұрасы» жобасы
02.10.2020
1013
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
«Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, «Фольклор мен музыканың мың жылы» арнайы жобасын ілгерілету мақсатында халық шығармашылығы мен жанрларының барлық түрлерін насихаттап, жеке орындаушылардың, сондай-ақ ұжымдардың шығармашылығын халыққа насихаттау бағытында «QOSTANAI» облыстық телеарнасымен бірлесіп «Халық мұрасы» жобасының түсірілімін бастады.
Дәстүрлі өнерді дәріптейтін «Халық мұрасы» арнайы жобасының алғашқы кейіпкерлері Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің домбырашысы Кәкімов Арман, Федоров аудандық мәдениет үйінің домбырашысы Сұлтанов Әділхан.