Құрметті қостанайлықтар! Баршаңызды қыркүйек айының үшінші жекскенбісінде мерекеленетін Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана – жарық әлемде адамзат баласы ардақ көрер ең асыл жан, ең аяулы есім. Алақаны аялы, махаббаты саялы, жүрегі нұрлы ғазиз жандар мәңгілік құрметке лайық. "Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейтін" аналармен ғана дүние шуақты, қуатты, мейірімге толы. солармен ғана өмір мәнді. "Дүниеде үш нұр бар. Біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың нұры, ал үшіншісі – ананың нұры" дейді халық даналығы. Ендеше,әр перзент өз анасын құрметтеп,қасында жүргенінде қадіріне жетіп, өмір бойы борыштар екенін білсе, қандай ғанибет!
Лайым, анасын бала, баласын ана жоқтамасын, елімізде әр шаңырақ аман, бейбіт, тыныш заман болсын! Мерекеміз үзілмей, берекеміз таси берсін!