altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ЖИЫРМА ЖЫЛДЫҢ БЕЛЕСІ
14.09.2020
1274
0
Біле білген адамға қазақ театр және кино өнерінің бастауы Қостанай топырағымен тікелей байланысты.

Тұңғыш «Амангелді» көркем дыбысты фильмінің сценарийін жазған авторлардың бірі ХХ ғасырдың әдебиет майталманы, жазушы-драматург Бейімбет Майлин болса, оның басты рөлінде Тобыл жерінен шыққан даңқты актер, Қазақстанның халық әртісі Елубай Өмірзақов, рөлдерді белгілі өнер майталмандары, Қазақстанның халық әртістері, жерлестеріміз – Қапан Бадыров пен Серке Қожамқұловтардың сомдағаны біз үшін зор мақтаныш. Бұл тұлғалар – қазақ кино және театр өнері мен тұтас мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан өнеріміздің алтын діңгегіне айналған қайраткерлер. Торғайдың Батпаққара жерінен шыққан дарын иесі Әнуар Боранбаевтың есімі де еліміздің кино-театр саласында алтын әріппен жазылып қалды. Ал қазақ өнері мен мәдениетінің тарихы Мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-публицист Ілияс Омаровтың есімімен етене аралас десек, артық айтқандық емес.

Міне, осындай хас таланттар шоғыры шыққан өңірде өнер ошағының болуы заңдылық та. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялаған 2000 жыл Қостанайдың ұлттық өнері үшін зор қуанышпен есте қалады. Өнер ордасының негізін қалау науқаны басталып та кетті. Айтуға оңай-ақ, бірақ жаңадан тұтас бір ұжым құру деген – қиыннан қиыстыра жол табумен бірдей шаруа. Театрға сай ғимарат керек, кәсіби мамандар шақыру, оларды баспанамен қамту секілді толып жатқан жұмыс шаш-етектен. Сол жолы «Юность» мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, құрылыс жұмыстарымен қоса, әртістердің баспанасына деп қаражат бөлінді.
Аймақ әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәдениет басқармасының бастығы Римма Ғайсенова, театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Жамбылбек Есенбековтің зор жемісі әрі жеңісі – Батыс Қазақстан, Арқалық, Жезқазған театрларынан сақа әртістер мен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 22 студентін шақыртқаны болды.
 
2000 жылдың 14 қыркүйегі күні облысымызға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сапарлап келгенде, «Абылай хан» тарихи драмасы сахналанды. Дәл осы күн театр іргетасының қаланған күні болып тарихта қалды. Ал Тұңғыш Президенттің ұсынысымен 2000 жылғы 20 қазанда өнер қарашаңырағына белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жерлесіміз Ілияс Омаровтың есімі берілді. Содан бергі жеткен жетістігі толайым, бүгінде репертураға бай, талай белестерді бағындырған іргелі өнер ұжымына айналды. 2012 жылы Ілекең қарашаңырағы Қостанайдың орталығындағы жаңадан салынған ғимаратқа қоныстанды.
 
Биыл пандемияға байланысты мәдениет ордасының қаншама жоспары іске аспай жатыр. Бірақ соған қарамастан, әртістер жазғы уақытта табиғат аясына шығып, онлайн форматта Абай өлеңдерін, қара сөздерін, спектакльдердің үзінділерін сахналады.
 
Енді, міне, жиырма жылдық мерейтой күні театр өз мұражайын, шайхана залын ашып отыр. Бұл – Әлімхан Мырзахан басқаратын тұтас ұжымның өткен тарихы ғана емес, көрерменнің жүрегінде қалған талай құнды мұра екені анық. Мұражай төрінде Ілияс Омаровтың портреті, қайраткердің жұмыс орнынан бастап, өнер ұжымында іргесі қаланғаннан бергі еңбек еткен азаматтардың жеке заттары, суреттер, белгілі тұлғалар сыйға тартқан дүниелер, этнографиялық заттар және басқа да көз тартар дүниелер қойылған. Бұл музей қарашаңырақтың шежіресінен сыр шертіп тұратын тарихи мүйіске айналмақ.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру