Құрметті қостанайлықтар! Баршаңызды елімізде қыркүйек айының әр екінші жексенбі күні мерекеленетін Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы – адам баласының өсіп-жетілетін алтын ұясы, тәлім-тәрбие алатын құтты ошағы. Жанұяның жылуын, одан берілетін мейірім-шапағатты ештеңе алмастыра алмайды.
Ұрпақ санасына өнеге сіңірудегі отбасы рөлі қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесінен де артық. "Отан отбасынан басталады" деген нақылына-ақ қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне қаншалық мән беретінін аңғаруға болады!
Осынау әлеуметтік маңызға ие мереке күні елдегі барлық шаңыраққа бақ-береке, ырыс-құт, тыныштық тілейміз! Әр отбасының іргесі берік болып, түтіні түзу ұшсын!