Бүгін Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармониясы жанындағы «Ақжелең» фольклорлық ансамблінің жетекшісі, Қостанай өңірін елімізге кеңінен паш етіп жүрген, облысқа танымал, белгілі күйші, Ыбырай Есжановтың туған күні.
Ыбырай сері, сізді қуанышты күніңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас шабытта болып, қасиетті серігіңіз домбырамен әрқашан елімізді күй құдіретіне бөлей беруіңізге тілектеспіз.
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы