Бүгін ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, білікті басшы Римма Ғабдолқызы жеті асудың бел ортасы - 75 жасқа келді...
Құрметті Римма Ғабдолқызы!
Сізді шын ниетпен туған күніңізбен құттықтай отыра, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Еңбек жолында қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді танытып-ақ жүрсіз.
Ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Мерейіңіз үстем, қадір-қасиетіңіз зор болсын.