«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» айдары Қаршыға Ахмедияров «Күй – Ұран»
03.07.2020
2674
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
«Күй – Ұран»
Қаршыға Ахмедияров
«Күй – Ұран» – Махамбет бабамыздың «Мен, мен едім, мен едім» атты жырының айбынды мақамы лебінен Күй-Ұран тасыды. Күй шымыр, аққан жігермен, түйдектей төге ойналады. Қағыстық, ырғақтық жүйесі өте күрделі, жаңа сүрлеуде шыққан күй.
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Ерлердің ісі біте ме? –
деген Махамбет баба қиқуындағы қайрат-жігермен, Жұмыр-қылыш, Өкініш, Жайық асу, Арысымнан айырылдым, Қайран Нарын, Жорық, Тарланым күйлері сарынынан салауатты саз ұғып,
Абыз домбыра қолға алып,
Шабытты күй толғанып,
Еңку-еңку жер шалып
Дәстүр деңгейін дәл тауып
Күй асуға шақырып
Ұрандата жол салып
Ғұмыр дария шанаққа
Жүз қаралы күй жазып, –
Қ.Ахмедияров жарты ғасырды кейін қалдырыпты.
Қорыта айтсақ, Қ.Ахмедиярұлының күйшілік мектебі – тәуелсіз Отанымыздың кешегісімен бүгінгісін, оның жарқын болашағын домбыра пернесінде өрген шежіре, ғасырдан ғасырға жалғасар ізгілік үні!