ДК нұсқасы
Установить приложение
Халықаралық би күні – «барлық биді» біріктіруге қызмет етіп келе жатқан атаулы күн. Биді жақсы көрмейтін кісі кем де кем шығар?!
Би адамның ішкі жан дүниесінің сұлулығын айшықтай көрсетіп, тілмен түсіндіре алмайтын жайтты қимылмен жеткізетін ерекше өнер түрі.
Әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі бар.
Қазақ биі болса адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айқындайтын өнер ретінде өркендеуде.
Мың бұралған қазақ қыздарының парасаттылығын, мәдениеттілігі мен жігіттердің қайсарлығын бір ғана бидің астарымен сомдап, сахнада ұлттық құндылықтарымызды насихаттап жүрген Қостанай өңірінің би ұжымдары осы өнердің дамуына зор үлес қосуда.
Қостанай облысының бишілерін, ұжым жетекшілерін Халықаралық Би күні мерекесімен құттықтаймыз!
Эстетикалық сезімді қалыптастыратын құдіретті би өнерін, болашаққа шабыт беретін рухани құндылық ретінде өркендете беріңіздер!