Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы жанынан құрылған Қостанай облысы композиторларының "Тобыл-Торғай әуендері" кеңесі төрағасының орынбасары әуесқой жас сазгер Бағдат Оспанов @bagdat_ospanov #бізбіргеміз акциясы аясында авторлық әндерден челендж бастады. Бұл челендж Тобыл-Торғай өңірінен болатын барша кәсіби және әуесқой сазгерлерге арналады.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор Бақытжан Сәуекенов эстафетаны Жарқынбек Деріпсалдиннен қабыл алып, сіздерге "Немерем" әнін ұсынды, сөзін жазған Әсия Беркенова.
Эстафетаны әрі қарай композитор Бақытжан Мұқашевқа жолдады.