altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«ЖҰТТЫ ШАҚЫРМА» деп әжем ұрысқан еді...
04.04.2020
2040
0
«ЖҰТТЫ ШАҚЫРМА» деп әжем ұрысқан еді...

(соңына дейін оқуға кеңес беремін) 

Бірде нағашы әжемнің үйіне бардық мамам екеуміз. Ес білгелі анашым қыздарының үлкені болғаннан соң ба, әлде әкесі марқұм: «Ақшолпан, саған ырысымды беріп барамын. Екі қалтаң болсын , айналайын қалқам. Бірі - өз қалтаң (отбасын), екіншісі ұры қалтаң.

Ұры қалтаңнан анда-санда бауырларыңа беріп қой. Бауырларың жалақтап біреуге алақан жаймасын. Көрімде өкіріп жатпайын. Мен олай-былай болып кетсем, дорбаңнан ауысқанын бауырларыңа берерсің» деп өсиетін айтып кеткен. Содан болар анашым әкемнен кейде жасырып береді, кейде қашырып береді. Бірде әкем: «Менің кеше алған жемпірім қайда?» деп мамамнан сұрады. Мамам тілін тістей қойды. Иә, алдынғы күні інісі келіп: «Шолпан, мына жемпір күшті екен. Бүгін бір досым әскерден келіп еді. Бір киіп келсем бола ма?» деді.

Нағашы ағам үстіне жемпірді кигені сол еді, өңі ашылып шыға келді. Мамам інісіне сүйсініп қарап: «Көкебас-ау, қандай сұлу едің. Папамнан айнымай қалдың ғой» деп босап, бауырын құшақтап, бетінен сүйіп: «Кие ғой, өзіңе құйып қойғандай екен» деді. «Жездем ұрсып жүрмей ма?» деді інісі кібіртіктеп. Анам басын шайқады.
 
Енді әкем дәл сол жемпірді іздеп жүр. Мен үндемей кітап оқып отырмын. Бір кезде ашуланған папам анашыма қатты дауыс көтеріп ұрысты. «Мен оны қаладан складтан сатып әкелдім» деп бастап келе жатыр еді, мамам: «Әкемнен айнымай қалды Шаңғытжан...Қойшы, сол жемпір үшін ұрыспайық» деді.

Папам нағашы атамды қатты сыйлайтын. Ақ папам (нағашы атамды солай атайтынбыз) әкемнің анашымды алып қашып кеткеніне ырза болмаған.

Себебі, атама үзеңгілес досы: «Ысқақ, мен мына өмірде жақын арада кетемін. Саған деген аманатым - Шолпанжанды ұлыма бересің. Аманатыма қиянат жасама» деп өлер алдында айтып кеткен. Ал менің әкем мамамды алып қашып кетіп, атам содан әкеме ренжулі болатын. Содан да болар кім білсін, анам атам туралы айтса, әкем тілін кесіп тастайтын.

Екі дорба тәтті-пәттімізді алып мамам екеуміз нағашы әжемнің үйіне келдік. Далада нан жауып жүрген нағашы жеңешем, екі иығын жұлып жеп тұрған самаурынын ілезде үйге әкеп, дастарханды біз әкелген тәттімен жайқалтып жіберді. Мәре-сәре болып отырғанбыз. Үйге әжемнің тағы бір келіні қызын құшақтап келді де: «Өләәә, жаман емес қой жағдайларыңыз. Біз отырмыз анда аш болып» деп ернін сылп еткізді. Сол кезде ешқашан келіндеріне дауыс көтеріп сөйлемейтін әжем жаман көзімен атып қарады да: «Тәйт, жағың қарыссын! Не жұтты шақырып отырсың!? Қатын ашпын десе, елде жұт болады. Қараң қалғыр мыңғырған малдарың тұрып о несі-ей!?» деп әбден ұрысты. Келіні: «Апа-ау, мынадай апельсинді біздер тек Жаңа Жылда  көреміз ғой, соны айтқаным ғой. Әйтпесе Құдайға шүкір ғой, аузымыздан ақ майымыз ағып отыр» деп сықылықтап күлді.

«Шүкіршілігіңді ұмытпа, айналайын. Аштық жылында да халық «ашпыз» деп айқайламады. Жақсы сөз сөйлеп үйренейік!?» деді. Бұл күздің мезгілі болатын-ды.

Сол жылы қыс қатты болды. Папам жанұшырып апыл-ғұпыл киініп жатыр. Мамам болса: «Е Құдай-ай, бауырларымды несібелерінен арыла гөрме!?» деп жылап жүр. Әкем үш күннен соң ауылдан келді.

Құр сүлдері қалғандай ұнжырғасы түсіп: «Өмірімде былай жыламаған шығармын. Қарау мүмкін емес...Жылқылардың барлығы судың ішінде қатып қалған. Бәрі кетті, тек бір құлынды алып қалдық» деді. 
Есіме нағашы әжемнің сөзі түсіп кетті.

Нағашы жеңешемнің тілі ащы болатын-ды. Пейілінен тапты...
Бұл әңгімені не үшін жазып отырмын, ағайын? Кеше ауырып жатып бір порталдан: «Қазақ аналары аш» деген мақаланы көріп қалдым.

Оқып, құлазып кеттім. Қолдарына қағаз ұстаған әйелдер: "Мен ашпын" деп айтып жатыр.
О Құдайым-ау, әй көкебастар, не жамандықты алыстан шақырып жатырсыңдар?! Сендерге өзі не көрінді!? Карантиннің болғанына 1 ай да болған жоқ, жалақтап шыққандарың не мынау?! 
Өткенде мен осындай әйелдердің жаман энергиясынан ауырып қалған екенмін ғой деймін іштей...

Ей, әйелдер! 
Сендердің неге ниеттерің бұзылып жатыр!? Не көрінді қара бастарыңа!? «Ашпыз» деп сонау зұлмат жылдарында да аналарымыз айқайламады ғой. Малдың терісін де қайнатып ішті емес пе!?

Сонау соғыс кезінде бір уыс бидай үшін сотталып кетеміз деп, аналарымыз қан майдандағы күйеулері үшін аш отырса да, «ашпыз» демеді ғой. Неден осыншама біздің қазақ әйелдерінің пейілдері тарылып барады?!

Олардың байлары бола тұра неге «ашпыз» деп дүйім елдің алдында «қазақ» деген қайсар ұлтты жер қылады!? 

Уа, халайық, ашпыз деген әйелдерді басудың орнына, неге жаман жұтты шақыртып отырсыңдар!? Не көрінді сендерге!? Әжем марқұм: «қатын құтырса жұт болады» дейтін еді.
Әлем аты жаман індеттен қалай арыламыз деп жатса, жардай болып семірген қазақ әйелдері плакаттарын ұстап «ашпыз» дейді.
 
Мен үшінші күн болды ас ішпегеніме. Тамақ батпайды. Ештеңеге зауқым жоқ. Италияның жайын көріп жылаймын, қорқамын мен мына індеттен. Күніге Еуропада мыңнан аса адам қырылып жатыр. Олар аштықтан қорқып жатқан жоқ. Олар: «аштыққа шыдаймыз, мына індеттен сақташы Құдай» деп үйлерінде жалбарынуда. 
Расында мына әйелдердің пейілінен қорқайын дедім, ағайын!? Бір сәтке планетаны тоқтатып, түсіп қалғым келеді...
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «MOVE & DANCE» DJ-бағдарламасы! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында мерекелік DJ-бағдарлама өтеді! Сіздерді заманауи музыкалық хиттер, би ырғағы, қуатты энергия мен жарқын эмоциялар күтеді!
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Ботагөз Дүбірбаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Мирас» МС солисі Азамат Ибраев! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Азамат Ибраевтың концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жарқын орындау, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
31.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Street Music»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қаланың жастар ұжымдарының «Street Music» концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді заманауи музыка, жарқын орындаулар, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
30.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Қарағанды қаласының «Ветер перемен» кавер-тобы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында Юрий Шатунов пен «Ласковый май» тобының шығармашылығына арналған концерт өтеді! Сіздерді көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер, жылы естеліктер мен ерекше музыкалық атмосфера күтеді!
29.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрінің концерті өтеді! Оркестр жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Евсюков. Музыкалық жетекші-аранжировщик — Геннадий Стаканов. Сіздерді жанды музыка, жарқын джаз әуендері мен ерекше мерекелік атмосфера күтеді!
28.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Арыстан Құрманов! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Арыстан Құрмановтың «Айналдым атыңнан, Қостанай» атты концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, әсерлі орындау мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
27.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Jas star.kst»! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Jas star.kst» қалалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарының концерті өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, заманауи әндер, қуатты энергия мен мерекелік көңіл күй күтеді!
26.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Сағындым, Қостанай»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қала туралы әндердің «Сағындым, Қостанай» музыкалық фестивалі өтеді! Сіздерді туған қалаға арналған әсем әндер, әсерлі қойылымдар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
25.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында оркестрдің мерекелік концерті өтеді. Бас дирижер — Лилия Ислямова. Сіздерді жанды музыка, әсерлі орындаулар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні сахнасында — Қостанайдың «Караван» ВИА-сы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Караван» ВИА-сының мерекелік концерті өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жанды музыка, жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, ALEM-ді қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте ALEM өнер көрсетеді! @xcialem
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы күніне орай ДК «Мирас» шығармашылық ұжымдарының «Ән қанатындағы Қостанай» көшпелі концерті өтеді! Баршаңызды мерекелік концертке шақырамыз!
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, NE PROSTO ORCHESTRA-ны қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте NE PROSTO ORCHESTRA өнер көрсетеді! @ne_prosto_orchestra
22.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 21.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: Alem Аламты қ. «Ne Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі Аламты қ.
18.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
17.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Туған күніңмен, ауданым!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
02.08.2026
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
20.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру