
ӨЗІҢІЗДІ ТАНЫСТЫРЫП КЕТСЕҢІЗ?
Қостанай облысы меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты, көптеген Республикалық байқаулардың жеңімпазы Деріпсалдин Жарқынбек Есенұлы. Мен 15-наурыз 1984 жылы бұрынғы Торғай обылысы Арқалық қаласында дүниеге келгем.
ӨНЕРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІҢІЗ?
Өнерге келген жолым Қалибек Деріпсалдин көкемнің әндерін тыңдап өстім, жалпы өнер маған қанмен келген десем артық емес шығар.
ҚАШАННАН БАСТАП ӘН ЖАЗА БАСТАДЫҢЫЗ, БІРІНШІ ШЫҚҚАН ӘНДЕРІҢІЗГЕ ТОҚТАЛЫП КЕТСЕҢІЗ?
Ең бірінші әнімді мектеп қабырғасында жаза бастадым, Маған баян, домбыра аспаптарымен ойнауды ешкім үйреткен жоқ, бір ұстағаннан меңгеріп алдым. Аллаға шүкір 4 ауданның ән ұраның жаздым және басқа да әндерім баршылық.
ҚАЗІРГІ ЖАҢА ШЫҒЫП ЖАТҚАН ӘНДЕРГЕ КӨҢІЛІҢІЗ ТОЛА МА?
Қәзіргі әндерге көңілім толады...
АЛДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОСПАРЫҢЫЗ?
Алдағы жоспарымды айтар болсам, көптеген республикалық байқауларға қатысу және әндерімді елге тарту етіп, кеңінен насихаттау.