ДК нұсқасы
Установить приложение
Бұл мереке жетінші жыл қатарынан аталып өтпек.
Нұрсұлтан Назарбаевтың ел мен халық игілігі жолында сіңірген еңбегін елеу үшін жылдың желтоқсанына белгіленген.
Тұңғыш Президент күнін желтоқсанның 1 жұлдызына белгілеудің өзіндік тарихи мәні бар: бұл күні 1991 жылы тұңғыш жалпы халықтық президент сайлауы өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берушілердің 98,7 % сенімін иеленген еді.
Ел тұтқасын ұстаған елбасының ең алғашқы қаулысымен, 1991 жылы 10 желтоқсанда, Қазақ КСР Қазақстан республикасы болып өзгертілді. Ал желтоқсанның 16 жұлдызында Жоғарғы Кеңес Қазақстанның егемендігін жария етті.
1991 жылдың желтоқсан айы тұтастай қазақ елі үшін елеулі тарихи сәттерге толы еді. Егемен елдің тұғырын қалыптастыруда Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасы мәңгілік қалары анық.
Бұл күні барша отандастарымызға, алып елімізге баянды болашақ пен ырыс-ымыра тілейміз! Ұрпағымыздың келешегі ұлағатты болғай!