2019 жылғы 31-қазан күні Алтынсарин аудандық мәдениет үйінде елімізге танымал бірегей өнер иесі, жыршы-термеші Нағашыбай Алпысовтың шығармашылық кеші өтті.
Кеш аясында облысымыздың өнерпаздарына арналған тәлімдік сабағы өткізілді. Шеберлік сағатында жыршы Ілияс Жансүгіровтің "Құлагер" поэмасын түрлі мақамда орындап, жыршылық өнердің қыр-сырын түсіндірді.
Іс-шараға өңіріміздің белсенді өнерпаз жастары қатысып, ұлттық жанрды дамыту жөнінде өзара пікір алмасты. Облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі С.А.Өтелбаева Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының құттықтауын жеткізді.
Кеш соңында жыршының орындауындағы "Құлагер" шығармасы жазылған үнтаспа қатысушыларға табысталды.