2019 жылғы 1 қазан күні Амангелді аудандық мәдениет үйінде Амангелді ауданының өнерпаздары, талантты әншілер Жазылбек Сейітқалиев пен Кенжегүл Қабақованың шығармашылық кеші болып өтті.
Шығармашылық кеште аудан әкімі Асанов Әмірхан Біркенұлы өнер иелерін құттықтап, аудан жұртшылығы атынан алғысын білдірді.
Кеш барысында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Өтелбаева Салтанат Амантайқызы орталықтың Алғыс хатымен марапаттап, Амангелді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сейдин Сағынғали Зәкірұлы Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлының құттықтауын жеткізді.
Халықаралық музыка күніне орайластырылып ұйымдастырылған қос өнерпаздың шығармашылық кеші жоғары дәрежеде өтті.