#REPOST @kurmangazy_orkestri - Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының демеушілігімен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Қостанай облысында өтіп жатқан гастрольдік сапары Лисаков қаласындағы мәдениет сарайында жалғасты
Рухани кеш барысында көрермендер қазақтың дәстүрлі күй өнерінің інжу-маржан туындыларымен қауышып, ұлттық музыка өнерінің терең мазмұнына куә болды. Концерт бағдарламасында Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлы,Дина Нұрпейісова сынды ұлы күйшілердің жауһар шығармалары, халық әндері, Шәмші Қалдаяқовтың туындылары және әлемдік классикалық шығармалар орындалды.
Оркестрдің әрбір орындауы жоғары кәсіби шеберлігімен, сахналық мәдениетімен және ұлттық нақышымен ерекшеленіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Жеңіс Ысқақова өнер көрсетті.
«Халық әуені» концерттік-гастрольдік жобасы Лисаков қаласының тұрғындары үшін тағылымды мәдени кешке айналды.
Ұлттық өнерді насихаттауға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Halyk Bank АҚ-на, Қостанай облысының әкімдігіне және Лисаков қаласының әкімдігіне шынайы алғыс білдіреміз.
@madeniet__aqparat__ministrligi
@aibek_zheksenaly
@dakenov_erlan