altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
САЛҒАН ІЗІ МӘҢГІ ЖАСАМАҚ
09.01.2026
990
0
Торғай даласында жанды баурап, жүрек тебірентер әндер мен күйлерді тудырған талантты жастардың көш басын бастап келе жатқан әнші-композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қалибек Деріпсалдин 1953 жылы 10 қаңтарда Аманкелді ауданы, Батпаққара ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Аманкелді орта мектебін бітіріп, 1973 жылы Жамбыл атындағы мәдени-ағарту училищесін қызыл дипломмен тәмәмдаған.


Қалибектің әкесі Деріпсалды да кезінде өз ортасында сөзге шешен, палуан әрі домбыра шертіп, айналасындағылардың арасында сері жігіт атанған екен. Анасы Мағия да әнші, жыршы, термеші болыпты. 13 жасында «Анама» деген күй шығарып, сол жылдары өзіне қамқоршы болған нағашыларына арнап «Үшбәйтерек» деген күйін тудырды, бұл күйлерге кейінірек тағы басқа күйлері қосылған.


Ол музыкант ретіндегі алғашқы өнер жолын Жамбыл облыстық филармониясының «Алатау» эстрада ансамблінен бастайды. Торғай түлегі Қалибек Деріпсалдыұлы 1973 жылы туған жеріне оралып, Арқалық қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте ән сабағының оқытушысы болып орналасады. Сонымен қатар, ұстаздықтан қол үзбей «Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамбілінің құрамында қызмет істеген. Мектепте «Балауса» ән және би ансамблін ұйымдастырып, Арқалық қалалық мәдениет бөлімінің жанынан «Торғай толғауы» атты халық аспаптар ансамбліне жетекшілік еткен. Торғай жұртшылығы арасында өзінің өнердегі табыстарымен көзге түсіп жүрген Қалибек Деріпсалдин 1980 жылы Қима аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалады.



Жаңадан құрылған ауданда қазақ ән өнерін насихаттауда көптеген игі шараларды жүзеге асырады. Қысқа мерзім ішінде «Гүлдәурен» халық аспаптар ансамблі ұйымдастырылады. Таланттар тоғысқан өнер ұжымының бай репертуары олардың облыстық фестивалда лауреат атануына жол ашады. Әнші-композитор Қалибек Деріпсалдин 1982 жылдан бастап өзі туып-өскен жері Батпаққараға қоныс аударады. Ол Амангелді аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі бола жүріп, «Торғай толқыны» атты халық аспаптар ансамблін ұйымдастырған. Өнер ұжымына талантты жастар мен мектеп оқушылары тартылады. Ансамбльдің репертуары Торғай өңіріне белгілі сазгерлердің, күйшілердің және әншілердің шығармаларынан құрылады. Бұл Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылық соны жетістігі болатын. Соның нәтижесінде, өнер ұжымы облыс және республика көлеміне кеңінен танымал халық аспаптар ансамбліне айналды.



1984 жылы Алматыда Кенен Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған республикалық қобызшылар сайысында 19 қатысушының арасында бірінші орынды Қалибек иемденеді. Әнші-композитор 1988 жылы Қазақстан композиторларының VІІІ съезіне делегат болып сайланады. Бір жылдан кейін Алматы қаласында Ш. Қалдаяқов атындағы концерт залында тұңғыш рет жеке шығармашылық кешін өткізеді.
Жалпы алғанда Қалибек Деріпсалдин 80-нен астам әндер мен алты күйдің авторы. Ол «Көктем қыздар» (1993), «Домбыра сазы-Ерке құсым» (1993), «Айлы түнде» (2003) және «Торғай әуендері» (2007) атты әндер жинағын жарыққа шығарды. Белгілі композитордың әндерін Қазақстанның танымал әншілері Н.Нүсіпжанов, Б. Жүсіпбеков, Ж. Махамбетов, Ұ. Айнақұлов, Ғ. Жүмекенова, Г.Хамзина және тағы басқалар орындайды. Оның шығармалары «Нұр-Мұқасан», «Мұзарт» Досымжан Таңатаров, Еркебұлан Сәрсенбеков, Есет Сәдуақасовтар ұнатып, жұртшылық назарына ұсынып жүр.



Оның сазгерлік қабілетінің шыңдалуына Алматыдағы тәлімгері Әсет Бейсеуовты мысалға алмағанның өзінде, жергілікті сазгерлер Болат Хамзин, Қайыржан Мақанов, Айтбай Мұздахановтардың ықпалы ерекше.
1991 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен "Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері" құрметті атағы берілді, КСРО Композиторлар одағының дипломдарымен және Қазақстан композиторларының дипломымен екі рет марапатталды.


 
1997 жылдан Қостанай қалалық мәдениет бөлімінің "Мирас" ансамблінің құрамында жұмыс істеді. Көптеген әндер жинағын шығарды. Халық музыкасының қыр-сырын білетін талантты композитор ретінде ол бірде-бір тыңдаушыны бей-жай қалдырмай, адами құндылықтардың кең дүниетанымын әндерге енгізді. Оның дауысы біздің облыста және елде ғана емес, одан тыс жерлерде де тыңдаушылардың жүрегін жаулап алды. Қалибек Дерипсалин Қазақстанның халық шығармашылығының дамуына баға жетпес үлес қосты. Композитордың әндерін орындаушылардың республикалық “Көктем-қыздар” атты ән байқауы бірнеше жыл қатарынан үзбей өтіп келеді.



Батпаққара тумасы, қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің салған ізі мәңгі жасамақ.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру