#REPOST @akimatkostregion10 Жаңа жыл қарсаңында Айсары ауылында заманауи «Шабыт» мәдени-сауықтыру орталығының салтанатты ашылуы өтті
Ағымдағы жылы аудан бойынша мәдени-сауықтыру орталықтарының инфрақұрылымын жаңғырту және дамытуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда. Аталған нысан бұрынғы мәдениет үйінің ғимараты негізінде ашылды. Бұл ғимарат шамамен 30 жыл бойы қараусыз күйде тұрған. Жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде нысан толықтай жаңарып, ауыл тұрғындарының шығармашылығы, қарым-қатынасы мен дамуына арналған заманауи көпфункционалды кеңістікке айналды. Орталықтың жалпы аумағы 560 шаршы метрді құрайды.
«Шабыт» орталығында әртүрлі жастағы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуі мен жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Мұнда ауылдық кітапхана, коворкинг аймағы, акт залы, музыка және хореография сыныптары, дзюдоға арналған спорт залы, ұлттық аспаптар мен үстел ойындары кабинеттері, сондай-ақ аға буын өкілдеріне арналған Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағында 3 мәдени-сауықтыру орталығы ашылып, 2 мәдениет үйі қайта қалпына келтірілді.
———————————————