Құрметті әріптестер! Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын айқындаған, халқымыздың бірлігі мен елдігінің нышаны. Республика күні – барша қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ел дамуына қосқан үлесін дәріптейтін ерекше күн.
Бірлік пен бейбітшілік, татулық пен еңбек – егемен еліміздің басты құндылығы. Бұл қасиеттердің арқасында Қазақстан бүгінде әлемге танылған, өркендеуші мемлекетке айналды.
Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары бұл айтулы күн – әрбір азаматтың елге, жерге деген адал қызметін, жауапкершілігін арттырып, отансүйгіштік рухты күшейтеді.
Осы мереке баршамызды мемлекет мүддесі жолында аянбай еңбек етуге, еліміздің игілігі мен өркендеуі үшін жұмылуға шақырады.
Ұлттық рухты асқақтатып, елдің тұтастығы мен бейбіт өмірін сақтау – бәрімізге ортақ міндет. Әрқашан бірлікті ту етіп, ел дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Еліміздің көк байрағы мәңгі биікте желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!