Қадірлі Қасымхан Алдабергенұлы! Сізді ғұмырыңыздың ең биік белесі – ғасыр тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Белгілі журналист, ұстаз, жыршы, ақын, шежіреші, Екінші Дүниежүзілік соғыстың ардагері ретінде Сіз еліміздің тарихында өшпес із қалдырдыңыз. Сіздің ғұмырыңыз – елге адал қызмет етудің, ұлт өнерін дәріптеудің, жас ұрпаққа өнеге болудың айқын үлгісі.
1925 жылдың қыркүйегінде Қамысты ауданы Талдыкөл ауылында дүниеге келіп, жастық шағыңызда сұрапыл соғысқа қатысып, Отан қорғау жолында ерлікпен еңбек еттіңіз. Артынан журналистика саласында қалам тербеп, ақындық өнеріңізді шыңдап, айтыс сахнасында талай мәрте топ жардыңыз. Қостанай өңірінің әдеби-мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосып, жас буынға ұстаздық етіп, ұрпаққа рухани қазына қалдырдыңыз.
Өнерге, журналистикаға, елдік мұратқа адал еңбегіңіз лайықты бағаланып, Сіз Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болдыңыз. Бұл – ұлт үшін сіңірген еңбегіңіздің айғағы.
Бүгін Сізді облыс жұртшылығы, ел ағалары, шәкірттеріңіз бен замандастарыңыз ерекше құрметпен ардақтайды. Ғасыр белесіне жету – екінің біріне бұйырмайтын баға жетпес бақ, ұрпаққа берілген үлгі.
Сізге зор денсаулық, амандық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
Немере-шөбереңіздің қызығын көріп, елдің ақ батасына бөленіп жүре беріңіз!
Ғасырлық ғұмырыңыз – ел тарихының айнасы, өскелең ұрпаққа өнеге!
Ізгі тілекпен,
Облыстық халық шағырмашылығы орталығының ұжымы