altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ӨНЕР МЕН ЕҢБЕКТІ ҰШТАСТЫРҒАН
23.07.2025
579
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды – Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл – маңдай терімен елге адал қызмет етіп жүрген еңбек адамдарына көрсетілген зор құрметтің белгісі. Мұндай игі бастама – қарапайым еңбектің қадірін арттырып, қоғамның тірегіне айналған жандардың үлесін бағалауға жол ашады.


 
Осы орайда өнер мен еңбекті қатар ұстаған, өмір жолы өнегеге толы азаматтарды дәріптеу – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Сондай жандардың бірі – Тобыл-Торғай өңіріне есімі етене таныс, өнер иесі әрі еңбек адамы Оразбек Ғалымов.

Көмейіне бұлбұл ұя салған Оразбек ағаның өмір жолы кәсіби сахнадан емес, қарапайым еңбек жолынан өрбігенімен, өнерге деген сүйіспеншілігі жүрегінен еш кетпеген.
 
«Өнер жолында жүрмесем де, өзімді өте бақытты адаммын деп есептеймін. Себебі мен өнердің өнегесі сіңген ортада дүниеге келдім. Қазақтың біртуар ұлдары – Қайнекей Жармағамбетов пен Серікбай Оспанов туған Балдай деген киелі жерде өмірге келіппін. Балалық шағым Ғафу Қайырбеков сүрлеуін салған Шұбалаң ауылында өтті. Өнер маған атамнан дарыған деп ойлаймын. Кішкентай кезімде ата-әжемнің тәрбиесінде өстім. Атам Ғабдолла, әжем Биғанша еді. Олар мені туған сәттен-ақ бауырына басты. Атам мені тізесіне отырғызып алып, домбыра тартып отыратын. Сол сәттер менің жан-дүниеме терең із қалдырды», – дейді Оразбек аға өткенін еске алып.
Оның өнерге бейімділігін мектеп қабырғасында алғаш таныған жан – өнерлі ұстаз Бақытжан Қапанова. Домбыра, баян, қобыз секілді түрлі аспапта еркін ойнайтын ұстазы оның дарынын шыңдап, үлкен сахнаға алғашқы қадамдарын бастатқан.
«Жаңа жылдық шыршада тұңғыш рет ән айтуыма мүмкіндік бергені – есімде ерекше сақталып қалған сәт», – дейді ол.

Бұдан бөлек, марқұм Қайнижамал Оразбаева апайы да оның бойындағы өнерге қолдау білдіріп, кеңес заманында мәртебелі саналатын орыс тіліндегі әндерді үйреткен.


Оразбек ағаның әншілік қабілеті әскер қатарында жүргенде де жарқырай көрінді. Бірде взвод командирі оның даусын естіп, қазақтың сыршыл әні – «Әлияны» орындауға ұсыныс білдірген. Қарапайым ауыл баласының орындауындағы ән – бүкіл ротаны таңғалдырған сәт болды. Бұл – Оразбек ағамыздың өнер жолындағы жігеріне жігер қосқан естен кетпес тәжірибе еді.
 
Бүгінде ол бірнеше аспапта еркін ойнап, түрлі жанрдағы әндерді шебер орындайды. Қазақтың халық әні, дәстүрлі терме, лирикалық шығармалардан бастап, заманауи композиторлардың туындыларына дейін сахнада шырқап жүр.

Оның орындауындағы Болат Хамзин, Қалибек Деріпсалдин, Шәмші Қалдаяқов, Ілия Жақанов, Әсет Бейсеуов, Бақытжан Сәуекенов, Алтынбай Сеиітқасымов сияқты композиторлардың әндері тыңдарман жүрегіне жол тауып келеді. Сонымен қатар замандастары Бағлан Омаров, Асыл Жыңғылбаев, Жарқынбек Деріпсалдин сынды жас өнерпаздардың да туындыларын жиі орындайды.
 
«Маған ән ұсынған ағаларымның шығармаларын домбыра немесе баянмен орындап, екі сағат ішінде жадыма тоқып аламын. Бұл – өнерге деген махаббаттың нәтижесі деп білем», – дейді Оразбек аға.

Алайда өнер жолын таңдамай, еңбек майданында шыңдалған азамат шопырлық мамандықты қалап, ұзақ жылдар елге қызмет етті.
 
«Бала кезімде техникаға қатты қызықтым. Үйдегі ағамның тракторынан түспейтін едім. Кеңестік дәуірде «Озат шопан», «Үздік механизатор» атақтары үлкен бедел еді. Сол кезде еңбек адамының абыройы аспандап тұратын», – дейді ол.
 
Қазір денсаулығына байланысты көлік жүргізу ісінен қол үзсе де, қоғамдық өмірден шет қалмаған. Қостанай облыстық халық шығармашылығы орталығында күзетші болып қызмет етіп жүрсе де, өнерден алыстамай, жастарға үлгі болып келеді. Ән шырқайды, аспаптарда ойнайды, тіпті жанынан жыр шығаратын ақындық қасиеті де бар. Қарапайым еңбек пен өнерді бір арнада тоғыстырған өмір жолы – бүгінгі жастар үшін тағылым мектебі.
 
«Концерттерге, Аллаға шүкір, шығып жүрмін. Қаладағы үлкен мәдени іс-шараларға шақыру алып, қатысып тұрамын. «Салада жүмыс істемейсің» деп шеттетіп жатқан жоқ. Өнерімді сыйлап, құрметтеп жататын аға-апаларыма, іні-бауырларыма алғысым шексіз, - дейді ағамыз. - Қай кәсіпті таңдасаң да, жүрекпен таңдап, адал еңбек ету – басты ұстанымым. Өнер – адамды ұштайды, еңбек – шыңдайды», – дейді.
 
Жұбайы Күлпәш көп жылдан бері балабақшада тәрбиеші болып еңбек етіп келеді. Екеуі өмірден өз орнын тапқан екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді.

Үлкен қызы әке жолын қуып, бүгінде Астана қаласында музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Немерелерінің арасында Достияр есімді немересі де атасының жолын жалғап, өнерге құштарлығын танытып жүр. Ұрпағының өнер мен білімге ұмтылып, жақсы жолды таңдауы – ата-ана үшін үлкен мақтаныш.
 
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – тек темір ұстап, дөңгелек айдағандар үшін ғана емес, ел үшін адал қызмет етіп жүрген әрбір жанның жылы.

Еңбек пен өнерді қатар алып жүріп, қарапайым тіршіліктің өзінен рухани күш алып жүрген Оразбек Ғалымов – нағыз үлгі болар тұлға. Оның өмір жолы – маңдай тердің, адалдықтың және өнерге деген шексіз махаббаттың бір көрінісі
.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру