Ұлттық домбыра күні мен қазақ музыкасының біртуар тұлғасы, күй құдіреті – Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған челленджді Қостанай облысы, Амангелді ауданының өнерпаздары Федоров ауданынан қабыл алып, ұрпақ рухын көтерер бұл игі дәстүрлі эстафетаны Алматы қаласының өнерпаздарына табыстайды!
Тыңдаған жанның жан дүниесін баурайтын, сананы тербейтін Н. Тілендиевтің сырлы “Әлқисса” күйі. Орындаған өнердің биік тұғырынан көрінген, күйге жанын беріп, ел құрметіне бөленген, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары – Жалғас Бірлік пен Арман Кенжеболатұлы.
Домбыра – ұлттың үні,
Күй – шежіре үнмен сыр шертетін тарих.
Бабадан жеткен аманатты бірге ұлықтайық!
🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟
#домбыраchallenge #ulttyqdombyra_mki #ДомбыраКүні2025 #Нұрғиса100жыл #Әлқисса #ҚазақКүйі #АмангелдіАуданы #ТілсізТарих #ҰлттықМұра
@culture_qostanai @damirkalkaev @sagyngali.zakirovich @sakhan.tulenov @kedelbaev_kanat @amangeldi_audany_akimdigi @amankeldi_araiy @lizamizambaeva69 @akimat_almaty @almaty.theatre