#REPOST @amirhan_asanov_b with @download_repost_pro - Қаламызда Ұлттық домбыра күніне арналған - «Күмбірле, күй домбыра!» атты мерекелік іс-шара өтті
Жиылғандарды домбыра күнімен және осы мерекемен қатар келген Астана күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегімді жолдадым.
Орталық «Наурыз» алаңына құрамында мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар, түрлі мекеме мен ұжым өкілдері, зейнет жасындағы кісілерге дейін бар - 1000 домбырашы сән салтанатпен жайғасты. Олар бір мезетте : Сейтектің күйі «Тойбастар», Халық күйлері; «Тепеңкөк», «Жастар биі», « Салкүрең» мен Бораш Әбеновтің күйі «Желдірме», Нұрғиса Тілендиевтің күйі «Әлқиссаны» нақышына келтіре орындап шықты.
Көрген жанның рухын көтерген мерекелік іс шара қорытындысында «Ең қарт домбырашы», «Ең жас домбырашы», «Әулетімен қатысып отырған домбырашылар», «Өзге ұлт өкілі домбырашысы» аталымдары бойынша ақшалай сыйлықтармен марапаттап, мәдени шараға демеушілік қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс хатымды табыс еттім.
Мерекелік іс шара қазақ эстрада жұлдыздары Қуаныш және Қарлығаш отбасылық дуэті, «Qazaq» тобының концерттік
бағдарламасымен және жастарға арналған би кеші мен мерекелік от шашумен жалғасын тапты.