#REPOST @culture_arqalyq ⚜️”АУЫЛЫМ-ЕЛІМНІҢ ТІРЕГІ, ДОМБЫРА-ҰЛТЫМНЫҢ ЖҮРЕГІ!” атты біріктірілген ауылдар арасында домбырашылар флешмобы
Домбыра-қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым дейді дана халқымыз. Осы орайда кеше “Арқалық қалалық Мәдениет сарайы” МКҚК ұйымдастыруымен өткен Ұлттық домбыра күніне арналған айлық акциясы және КРІ бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында “Ауылым-елімнің тірегі, домбыра-ұлтымның жүрегі” атты біріктірілген (Ашутасты, Көктау, Аңғар, Аққошқар, Екідің,Әбдіғапар хан, Қайыңды) ауылдар арасында 50 домбырашы Ашутасты ауылында қалың көрерменге ұлттық домбырамызды ұлықтау мақсатында мерекелік іс шара өткізді. 6 күйді қатар тартқан ауыл домбырашылары ән мен жырды, күйді дәріптесе, Арқалық қаласының өнерпаздары асқақтата ән салып, күмбірлетіп күймен шашу шашты. “Арқалық қалалық Мәдениет сарайы” МКҚК директоры З.Қ.Мергенова сөз алып, түрлі номинациялар бойынша домбырашыларды марапаттады. Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған төл өнерімізге арналған кеш жоғары деңгейде өтті.