#REPOST @culture_amangeldy 🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭 Бүгін аудандық мәдениет үйінде Жұманазар Сомжүрекұлының “Тілеп – Сарықыз” драмасы сахналанды. Ұлттық болмысты арқау еткен қойылым көркемдік тұрғыдан жоғары деңгейде өтіп, көрерменнің жүрегінен орын алды.

Қойылымның жүзеге асуына ұйытқы болған – белгілі меценат, ел жанашыры Сапар Ысқақов. Оның мәдениетке деген жанашырлығы мен қолдауы өнер ұжымына тың серпін беріп, қойылымның сапалы өтуіне зор ықпал етті.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Қанат Уәшұлы қойылым аяқталған соң сахна төріне көтеріліп, әртістерге шынайы алғысын білдірді.
Көрермендер де қойылымнан ерекше әсер алып, қошемет көрсетті. Драма аудан мәдениетінің көркемдік әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟🌟







