#REPOST @culture_arqalyq ⚜️”АУЫЛЫМ-ЕЛІМНІҢ ТІРЕГІ, ДОМБЫРА-ҰЛТЫМНЫҢ ЖҮРЕГІ!” атты біріктірілген ауылдар арасында домбырашылар флешмобы
Ауыл-әр қазақ баласының алтын бесігі, ұлтымыздың ұйытқысы. Ауыл түлесе-қазақ түлейді. Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын-жазушыларымызда, ән өрнегін айшықтаған әншілер мен күйшілерімізде, аты аңызға айналған даналарымызда сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Оның айғағы, күні кеше “Арқалық қалалық Мәдениет сарайы” МКҚК ұйымдастыруымен өткен Ұлттық домбыра күніне арналған айлық акция аясында “Ауылым-елімнің тірегі, домбыра-ұлтымның жүрегі” атты біріктірілген ауылдар арасында (Фурманов, Родина, Үштөбе, Мирный, Матросов, Молодежный, Жалғызтал, Целинный, Восточный) домбырашылар флешмобы Восточный ауылында өз жалғасын тапты. Ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары аталмыш іс-шараға жауапкершілікпен ат салысты. Ұлттық өнерді ұлықтайтын мерекелік іс-шараға 80 домбырашы бір мезетте 6 күй орындап қазақтың киесі, қасиетті қазынасын көк аспанда күмбірлетті. Жас баладан, еңкейген қартқа дейін күй өнерін дәріптеп, өскелең және кейінгі ұрпаққа жеткізуді өз алдына парыз еткен домбырашыларды “Арқалық қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі”ММ басшысының уақытша м.а. Ж.Ж Аубакирова, “Арқалық қалалық Мәдениет сарайы” МКҚК директоры З.Қ.Мергенова құттықтап, аталмыш іс шараға ат салысқан ауыл мәдени ұйымдастырушылар мен ауыл әкімдеріне алғыс білдірсе, “Ең қарт домбырашы”, “Ең кішкентай домбырашы”, “Домбырашылар отбасы”, “Егіз домбырашы” номинациясымен ауыл тұрғындарын марапаттады. Тиянақты, өз алдына мақсат қоя білген ауыл тұрғындарымен акция аясында жұмыс жасап, дайындықтарын әлі күнге дейін үзбей келе жатқан ауыл мәдени ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз! Өзінің қоңыр үні мен қоңыр болмысына сай, ұлтымыздың жадын қайта бір жаңғыртқан іс-шара ауыл өнерпаздарының мерекелік концертімен тәмамдалды.