#REPOST @qumaraqsaqalov Мәдениет – ұлттың рухани тірегі. Өнер – халықтың жүрегі
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» гала-концерті – шабыттың, патриотизмнің және ұлттық тамырларға деген құрметтің шынайы мерекесіне айналды. Бұл жай ғана сахна емес, бұл – қазақ мәдениетінің тірі энергиясы болды.
Осы күні біз сахна саңлақтарын ғана емес, мәдениет саласының дамуы үшін күн сайын аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарды да марапаттадық.
Сала үздіктері «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, «Еңбек ардагері» медалі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
Бұл – өңіріміз бен еліміздің рухани негізін нығайтып жүрген жандарға деген лайықты құрмет.