Құрметті азаматтар! Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғаған, батырлық пен ерліктің символына айналған ер-азаматтарға арналған мәртебелі мереке. Отанға адал қызмет ету – ең үлкен абырой, елге деген махаббаттың айқын көрінісі.
Барша жауынгерлер мен әскери қызметшілерге, сондай-ақ елінің амандығы үшін еңбек етіп жүрген барша азаматтарға зор денсаулық, қажымас қайрат, бейбіт өмір, отбасы амандығын тілейміз!
Мемлекетіміздің тұғыры мызғымай, бірлігіміз бекем болсын!