Құрметті әріптесіміз Гүлнұр Қайсарованы бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өміріңіздегі осы тамаша күн қуанышқа, ақ тілектерге, жүрекжарды лебіздерге толы болсын.
Сіз жауапкершілігі жоғары, кішіпейіл әрі ізгі ниетті жан ретінде ұжымымыздың ерекше құрметіне бөленіп келесіз.
Сіздің сүбелі еңбегіңіз, әр бастамаға белсене араласуыңыз біз үшін үлкен мақтаныш.
Жаңа жасыңызда жаңа табыстар мен жетістіктер, мықты денсаулық пен шаттық, береке мен бақыт, жаныңызда жақсы адамдар, жүрегіңізде махаббат пен мейірім көп болсын!
Әрбір күн нұрға толы, ал болашақ жарқын болсын!
Шығармашылық шабыт ешқашан сарқылмасын, биік белестер мен асқақ армандар әрдайым серік болсын.
Ізгі тілекпен,
Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымы