Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын дәріптейтін, бірлік пен келісімнің, өзара түсіністік пен сыйластықтың мейрамы.
Берекелі бірлік пен татулық – ел тұрақтылығы мен дамуының негізі. Осы күнде баршаңызға бейбіт өмір, береке-бірлік, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
