
Кітап – рухани байлығымыздың сарқылмас қазынасы, білім мен тәрбиенің мәңгілік шамшырағы. Бұл күн – оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын еске салатын ерекше мереке.
Оқырман қауымға, кітапхана қызметкерлеріне және барша кітап сүйер жанға шығармашылық шабыт, мол рухани байлық, білім жолында биік белестер тілейміз. Кітап – келешекке ашылған алтын қақпа. Сол қақпаны бірге ашып, жарқын болашаққа нық қадам басайық!
Ұлттық кітап күні құтты болсын!